Кикбоксингтен әлем чемпионатында Қазақстан спортшылары 6 алтын, 1 күміс, 10 қола медаль алды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Кикбоксингтен ересектер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан спортшылары 6 алтын, 1 күміс, 10 қола медаль жеңіп алды. Бұл жайында Мәдениет және спорт министрлігінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

15-24 қазан аралығында Италияның Лидо-ди-Йезоло қаласында өткен Кикбоксингтен ересектер арасындағы әлем чемпионатына 65 мемлекеттен келген 1600-ге жуық спортшы қатысты. Апенин түбегіндегі осынау байрақты бәсекеде Қазақстан құрамасы 6 алтын, 1 күміс және 10 қола медаль жеңіп алды.

Чемпион атанғандар: Дінмұхаммед Баймұратов, Ерлан Шағбан, Мақсат Үсіп, Фазледдин Сафаров, Нұрсұлтан Жұмабаев, Нұрдәулет Қалшора.

Күміс жүлдегер:– Азамат Өтемісов.

Қола жүлдегерлер: Серікбол Ермеков, Батырхан Қуандықов, Ариза Сманова, Дулат Дүйсенов, Жандос Назарбеков, Шыңғысхан Тлемісов, Берік Халықов, Бибарыс Сауханбек, Әділ Мырзағали, Дидар Төлебаев.

Қазақстан құрамасын осы жетістіктерімен ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоқыт Райымқұлова құттықтады.



Соңғы жаңалықтар