Киевтегі тұрғын үй кешенінде болған жарылыс: Үш адам әлі табылмай жатыр

None
None
КИЕВ. УКРИНФОРМ – ҚазАқпарат – Киевте Позняктағы жарылыстан кейін үш адамның тағдыры әлі белгісіз күйде қалып отыр. Бұл туралы Киев мэрі Виталий Кличко оқиға орнында журналистерге мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Укринформға сілтеме жасап.

«Құтқарушылар тәулік бойы жұмыс істейді және мұндай жағдайда жұмыс істеуге қажет барлық жабдық бар. Қайта опырылып қалмау үшін үйдің 1-2- қабаттарында бекіту арқалықтарын монтаждауды аяқтадық. Сондай-ақ, мамандар көрші үйлерді тексеріп жатыр. Адамдарға қауіп төндірмеу үшін олардың қандай күйде екенін нақты білуіміз қажет», –деді Кличко.

Агенттіктің хабарлауынша, 21 маусымда сағат 10:00-де Киевтің Дарницкий ауданындағы көшелердің бірінде орналасқан он қабатты тұрғын үйде газ жарылып, салдарынан бесінші, алтыншы, жетінші және сегізінші қабат опырылып қираған.

Үйден 23 адам эвакуацияланған. Тағы үш адам үйінді астынан шығарылды.

Оқиға орнында төтенше жағдайларды жою жөніндегі штаб, Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік қызметтің жедел мобильді тобы мен Ұлттық полиция қызметкерлері жұмыс істеуде.

Жарылыс фактісі бойынша Киев прокуратурасында Украина Қылмыстық кодексінің 270-бабы 2 тармағы негізінде қылмыстық іс ашылды.

Премьер-министр Денис Шмыгаль жағдайды жеке бақылауына алды.


Соңғы жаңалықтар