Киевтегі София соборындағы құттықтау: Қазақстан! Димаш! Кохаю!

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Димаш Құдайбергеннің Украинадағы жанкүйерлері әншіні келе жатқан Жаңа жылымен ерекше құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Киевте тамаша акция өтті. София соборының мұнарасына кез келген украиндық Жаңа жылмен интерактивті құттықтау орналастыра алады. Әрине, біз, dears ең алдымен Қазақстанды және фотодан атын көріп тұрған адамды құттықтадық», - деп жазды Димаштық украиндық жанкүйері Людмила Загоруйко Facebook парақшасында.

София соборының мұнарасындағы жазуда: «Қазақстан! Димаш! Кохаю (сүйемін). Жаңа жылыңызбен! Барлық сәтсіздіктер, келіспеушіліктер артта қалсын!» делінген..


Соңғы жаңалықтар