Киевте Түркі кеңесіне мүше елдердің елшілері кездесті

None
None
КИЕВ. ҚазАқпарат – Қазақстанның Украинадағы елшілігінде Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесіне мүше елдердің елшілері кездесті.

Аталмыш шараға сондай-ақ Украина Сыртқы істер министрінің орынбасары Эмина Джапарова мен ТҮРІКСОЙ Бас хатшысы Дүйсен Қасейінов қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР елшілігіне сілтеме жасап.

«Кездесу барысында Дүйсен Қасейінов ұйымның бірқатар түркітілдес мемлекеттің тәуелсіздігінің 30 жылдығын атап өтуі аясында жоспарлап отырған іс-шаралары туралы айтты. Бұл ретте ол Украинаның түркітілдес мемлекеттер институттарымен өзара ықпалдастықты нығайтуға күш салып отырғандығын атап өтті. ТҮРІКСОЙ-дың Бас хатшысы сондай-ақ 2021 жылы түркі халықтарының мәдениеті, салт-дәстүрі мен тілін дамытуға үлкен үлес қосқан әйгілі ғалым, шығыстанушы әрі түрколог Агафангел Крымскийдің 150 жылдығын лайықты атап өту қажетттігіне тоқталды»,-делінген Қазақстанның Украинадағы елшілігінің Facebook парақшасында.



Соңғы жаңалықтар