+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

Kids go free: Елордадан Алакөлге барып демалудың бір апталық шығыны қанша

2021 жылғы 14 маусым 18:28
Бөлісіңіз:
Kids go free: Елордадан Алакөлге барып демалудың бір апталық шығыны қанша

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Дастан Рыспеков үш балалы отбасының Нұр-Сұлтаннан Алакөлге барып демалуы Kids go free бойынша неше теңгеге шығатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Атырау облысының бюджетіне ішкі туризмнен 100 млн теңге түсуі мүмкін Қарағанды тұрғыны киелі Ұлытауға жаяу аттанды СҚО-ның жаңа туристік логотипі бекітілді

«Балалардың ұшақ билетінің құны тек туристік пакеттің ішінде болған кезде ғана субсидияланатынын баса айтқым келеді. Яғни, сіз туристік оператордың қызметіне жүгінбей, өз бетіңізбен ұшқан болсаңыз, билет құны төленбейді. Ал туристік оператордың көмегімен демалған болсаңыз, үнем 20-30 пайыз болады. Мысалы, 3 балалы отбасы Нұр-Сұлтаннан Алакөлге бір апталық демалысқа барды дейік. Оның шығыны қалыпты жағдайда 350-400 мың теңге болады. Осының ішінде шамамен 100 мың теңгені Kids go free бағдарламасы бойынша үнемдеуге болады. Сонда бір отбасы үшін апталық турпакеттің құны 250 мың теңгеге шығады деген сөз», - деді Дастан Рыспеков.

Kazakh Tourism компаниясының басқарма төрағасы Ержан Еркінбаев туристік операторлардың көмегінсіз, өз бетімен демалатын отбасыларға неге мұндай жеңілдік ұсынылмайтынын түсіндірді.

«Ел ішінде демалуға барған кезде туыстардың үйін паналау тиімді болуы мүмкін. Бірақ Kids go free бағдарламасының философиясы мен мәні тек балаларға тегін билет ұсынуға арналмаған. Басты мақсат – отбасылық демалыстың танымалдығын арттыру. Оның үстіне жайғасу орындарын, отбасымен демалушыларға арналған қызмет түрлерін көбейтуге итермелеуіміз керек. Туристік операторлар дәл осы отбасылық сапарларға көбірек көңіл бөлу үшін де осындай тетік қажет. Бағдарламаға тек ұшақ билеттерінің субсидиясы кіргенінің де себебі бар. Қазақстандықтар өз балаларына еліміздің өзге бұрыштарын көрсетіп, туристік әлеуетін танытуы керек. Бізде ландшафтың түрі көп. 13 ұлттық парк бар. Көбіміз өзіміз тұрып жатқан өңірден алысқа ұзап шықпаймыз. Бұл бағдарлама осындай отбасыларға арналған. Сондықтан, менің ойымша Kids go free бағдарламасы бойынша ұйымдастырылған демалысты туыстарға қонақ болып барумен салыстыруға келмейтін сияқты», - деді Ержан Еркінбаев.

Сондай-ақ, ол Kids go free бағдарламасымен Алматыға 5 күндік демалыспен келген отбасының орташа шығынын есептеп берді.

«Екі ересек адам, үш баласы бар отбасы Алматыда 4 қонып, демалуға келсе, ересектердің билет құны 80 мың теңге болады. Отбасылық қонақүй нөміріне 120 мың теңге кетеді. Бұл – айтарлықтай жақсы қонақүйдің бағасы. 5 күндік атракциондар шығыны 55 мың теңгедей болады. 5 адамның 4 күнгі түскі асы мен кешкі тамағына 60 мың теңге шығады. Сонда бәрін қоссақ, 315 мың теңге. Ал Kids go free болмаса, шығын 415 мың болар еді. Сонда мұнда да 100 мың теңге үнем бар деген сөз», - дед Ержан Еркінбаев.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Есімжан Нақтыбай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT