Киберволонтерлер жасөспірімдерге қатысты қылмыстың алдын алуға көмектесуде

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысының құқық қорғау органдары мен Білім басқармасы кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыстың алдын алу бойынша жұмысты күшейтті. 1 наурыздан бастап өңірдің 70 педагогы «Ангел» балалар қауіпсіздігі орталығының авторлық бағдарламасы бойынша оқытуды бастайды. Сертификат алғаннан кейін балалар қауіпсіздігі бойынша мектеп тренерлері оқушыларға тұрмыста және әлеуметтік желілерде өзін қалай ұстау керектігін үйретеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қарағанды облысында өңір әкімі Жеңіс Қасымбектің қатысуымен өткен онлайн-кеңесте кәмелетке толмағандарға қатысты, атап айтқанда, балалардың жыныстық қолсұқпаушылығына қарсы қылмыстың алдын алу бойынша қабылданып жатқан шаралар талқыланды. Осындай қылмыстарды талдау нәтижесінде олардың көпшілігін жақын адамдар немесе отбасы мүшелері жасайтындығы анықталды.

«Балалар тәрбиеленетін барлық отбасыларға үнемі барып тұру, тиісті әңгімелер жүргізу, ата-аналарға, атап айтқанда аналарға жадынамалар тарату қажет. Бұл шаралар зорлық-зомбылық сипатындағы қылмыстарды анықтауға және олардың алдын алуға көмектесуі керек. Ең алдымен полиция есебінде тұрған адамдармен бірге тұратын отбасыларды қамту керек», - деді полиция департаментінің ЖПҚБ бастығы Валерий Коваленко.

Облыста 1 ақпаннан бастап барлық құқық бұзушылықтарға, оның ішінде отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілеріне шұғыл ден қою үшін ЖБО-ға байланыстырылған «SOS-бір қоңырау» мобильді қосымшасы жұмыс істейді. Оны плеймаркеттен «102» деген атаумен жүктеуге болады. Мұны әр отбасы, әсіресе кәмелетке толмаған балалар тәрбиеленетін жанұялар жүктеп алғаны жөн. Осы қосымша жұмыс істей бастағаннан бері Қарағанды қаласы ПБ ЖБО-ға 19 өтініш түсті, оның ішінде отбасы-тұрмыстық қатынастар саласында - біреу.

Кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыстарға қарсы іс-қимыл жасау үшін блогерлер қатарынан топ құрылды. Олар заңсыз бағыттағы сайттар мен контенттерді анықтау үшін интернет-кеңістікті мониторингілейді. Кибер-шолғыштардың жұмысында оң нәтижелер бар. Мысалы, ВКонтакте әлеуметтік желісін бақылау кезінде жас шектеулері жоқ топтар орнатылды, яғни кез-келген пайдаланушы, оның ішінде жас бала да ақпаратқа қол жеткізе алады. Олар интимдік фотосуреттерді орналастырады, жасына байланысты шектеулер жоқ сайттар үшін тыйым салынған танысуды ұсынады.

Әзірге киберволонтерлер қауымдастығы тек Қарағандыда ғана құрылған, бірақ жақын арада мұндай топтар Теміртау, Шахтинск, Саран және Абай қалаларында пайда болады.

Білім басқармасы кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыстың алдын алу үшін барлық шараларды қабылдайды. Облыста сауалнамаларды әзірлеумен және ақпараттық контентті өңдеумен айналысатын білім басқармасы мен полиция департаментінің психологтарының өзара іс-қимылы жолға қойылған. Қарағанды облысының жеті мектебінің базасында «Психологиялық-педагогикалық мониторингтің автоматтандырылған жүйесі» бағдарламасы сәтті апробациядан өтті, бұл педагог-психологтарға оқушылармен жеке жұмыс жасауға көбірек уақыт бөлуге мүмкіндік береді.

«Мектептердің әлеуметтік паспорттарына өгей әкелері немесе өгей шешелері бар отбасыларда тәрбиеленетін балалардың есебі енгізілген. Мектептер мен колледждерде психологиялық көмекті күшейту үшін мектеп қауіпсіздігі командалары құрылды. Олар әлеуметтік, медициналық, психологиялық-педагогикалық немесе құқықтық қолдауды қажет ететін балаларды анықтайды», - деп атап өтті Білім басқармасының басшысы Гүлсім Қожахметова.

Өңірде балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселелері бойынша «Не молчи» қоғамдық қорының басшысы Дина Таңсәрімен ынтымақтастық орнатылды.

Жеңіс Қасымбек кеңесті қорытындылай келе, жұртшылықты кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстардың алдын алу жөніндегі жұмысқа белсенді тартуды ұсынды. Және бірқатар тапсырмалар берді.

«Біз 2021-2023 жылдарға арналған кәмелетке толмағандарға қатысты қауіпсіздікті қамтамасыз ету және зорлық-зомбылықты болдырмау жөніндегі Жол картасын бекіттік. Бұл сайтта барлық мәселелерді ашық талқылау керек. Жұмыс комиссиясының жұмысына қоғамдық ұйымдардың өкілдерін тарту қажет. Әр фактіні мұқият түсіну керек. Біз бәріміз ата-анамыз және әр іс пен әр бала үшін алаңдауымыз керек», - деп атап өтті Жеңіс Қасымбек.


Соңғы жаңалықтар