ҚХЛ: жаңа маусымның қашан басталатыны белгілі болды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Құрлықтық хоккей лигасының Директорлар кеңесі 2020/2021 жылға арналған жаңа маусымдағы командалар тізімін бекітті, деп хабарлайды olympic.kz.

Жаңа маусым 2 қыркүйекте басталады және турнирде 23 команда бақ сынайды. ҚХЛ-да сынға түсетін командалар қатарында елордалық «Барыс» клубы да бар.

Айта кетелік, «Барыстың» биылғы маусымға қатысу-қатыспауы ең соңына дейін белгісіз болатын. Маусымның негізгі бөлігінде жалпы есебі 690 матч өтеді деп жоспарлануда.

Соңғы жаңалықтар