ҚХЛ: Никита Михайлистің үш голы «Барысқа» жеңіс әперді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Құрлықтық хоккей лигасының тұрақты чемпионаты аясында елордалық «Барыс» өз айдынында «Амур» (Хабаровск) командасын ұтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Шығыс конференциясында «Барыс» сегізінші орында тұрса, қарсыласы 10-сатыда еді. Плей-офф бәсекесіне жолдама алуға мүмкіндік беретін үздік сегіздікке ілігу үшін бұл матч қос команда үшін де маңызды болатын.
Осының алдында екі ойында жеңіліс тапқан Юрий Михайлистің шәкірттері айдынға тастүйін дайындықпен шықты. Әсіресе, Никита Михайлис екінші кезеңде командасын 2:0 есебімен алға шығарды. Бұл ретте Роман Старченко екі рет нәтижелі пас шығарды.
Үшінші кезеңде қонақтар Дмитрий Лугин мен Сергей Терещенконың мергендігі арқасында таразы басын теңестірді – 2:2. Дегенмен 48-минутта Н.Михайлис ойын нүктесін қойды.
Осы жеңістен кейін 51 ұпай жинаған «Барыс» Шығыс тобында бұрынғыша 8-орында келеді.
Елордалықтар келесі кездесуін сырт айдында 19 қаңтар күні «Йокерит» командасымен өткізеді.- «Барыс» құрлық хоккей лига ойындарына 13 мәрте қатысуда
- Теннис: Нұр-Сұлтан 2 турнирі қазақстандықтар үшін сәтсіз өтіп жатыр
- Елордада Бектұров көшесінде көлік қозғалысы тоқтатылды
- Елордада табысы аз отбасыларға сыйлық сертификаттары табысталды
-
Спортшылар, этномәдени бірлестік өкілдері қазақстандықтарды Алғыс айту күнімен құттықтады
-
Теннис: Александр Бублик рейтингіде 43-орынға көтерілді
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам