ҚХЛ: «Барыстың» бүгінгі ойынын қайдан көруге болады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Барыс» құрлықтық хоккей лигасында бүгін, 4 желтоқсанда, елордада Ресейдің «Локомотив» (Ярославль) командасын қабылдайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ойын елорда уақытымен сағат 19.30-да басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Екі команда бұған дейін 22 мәрте кездесті. Оның 7-і «Барыстың» басымдығымен аяқталса, қалғанында ресейлік клуб жеңіске жетті. «Локомотив» соңғы рет елордада 2018 жылдың 20 желтоқсанында басым түскен болатын.

Айта кетерлігі, биылғы турнирде «Барыс» соңғы екі кездесуде жеңіске жетті. Ал ресейлік клуб соңғы төрт кездесудің үшеуінде қарсыластарына есе жіберді.

Қазір «Барыс» 28 ойыннан кейін 29 ұпай жинап, турнир кестесінде 18 орында келеді. Ал 31 ойыннан кейін 44 ұпай еншілеген СКА командасы 7 орында тұр.


Соңғы жаңалықтар