+7 (701) 759 90 19
USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

ҚХЛ: «Барыстың» бүгінгі ойынын қайдан көруге болады

2020 жылғы 21 қазан 08:53
Бөлісіңіз:
ҚХЛ: «Барыстың» бүгінгі ойынын қайдан көруге болады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордалық «Барыс» құрлықтық хоккей лигасында бүгін Финляндияның «Йокерит» командасын қабылдайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Құрлықтық хоккей лигасы: «Барыс» елордада мәскеулік «Динамоға» жол берді Құрлықтық хоккей лигасы: «Барыс» мәскеулік «Динамо» командасымен кездеседі «Сарыарқа» хоккей клубының бас бапкері ауысты

Кездесу елорда уақытымен сағат 19.20-да басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Екі команда бұған дейін 11 мәрте кездесті. Оның 7-еуі «Барыстың» жеңісімен аяқталса, қалғанында финляндиялық клубтың мерейі үстем болды.

Командалар соңғы рет 2020 жылдың 21 қаңтарында кездесті. Финляндия астанасы - Хельсинки қаласында өткен ойында елордалық клуб 5:1 есебімен жеңіске жетті.

«Йокерит» биыл 14 ойында 19 ұпай жинап, турнир кестесінде 11 орында келеді. Ал «Барыс» 12 ойыннан кейін 15 ұпаймен 17 орында тұр.

Айта кетерлігі, «Барыс» соңғы ойында «Ак Барсты» алты жылдан кейін жеңді.
Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT