ҚХЛ: «Барыс» «Ак Барсты» алты жылдан кейін жеңді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордалық «Барыс» құрлықтық хоккей лигасында бүгін Ресейде Қазан қаласының «Ак Барс» командасымен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ойын барысы тартысты өрбіді. Алғашқы екі кезеңде қос команда бір-бірінің қақпасынан саңылау таба алған жоқ. Қазандық хоккейшілер бірнеше мәрте тәртіп бұзып, алаңнан қуылды. Айта кетерлігі, «Барыс» хоккейшілері бұл кезеңдерде өте сақ ойнады. Бірде-бір мәрте ойын ережесін бұзған жоқ.

Бір қызығы, үш кезеңде бірде-бір шайба соғылған жоқ. Негізгі кезең 0:0 есебімен тең аяқталды. Овертаймда Роман Старченко жеңіс шайбасын соқты. Осылайша «Барыс» қарсыласын 1:0 есебімен жеңді.

Екі команда бұған дейін 36 мәрте кездесті. «Барыс» небәрі 6 мәрте жеңіске жетіп, қалғанында қарсыласына есе жіберді. 2014 жылдың 7 қаңтарынан бері елордалық клуб аталған қарсыласын Қазан қаласында жеңіп көрген жоқ. Сол жеңілістер сериясы бүгін бұзылды.

Бұдан бұрын елордалық клуб овертаймда «Спартактан» басым түсті.

«Барыс» енді 21 қазанда елордада Финляндияның «Йокерит» командасын қабылдайды.

Соңғы жаңалықтар