ҚХЛ: Алдағы маусымға қатысатын командалар тізімі белгілі болды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Биыл Құрлықтық хоккей лигасында бақ сынайтын командалар тізімі белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мәлім болғандай, алдағы маусымда аталған турнирде барлығы 23 команда шеберлік байқасады. Олардың қатарында елордалық «Барыс» клубы да бар. Сондай-ақ, биыл Ресейдің «Авангард» (Омбы), «Автомобилист» (Екатеринбург), «Ак Барс» (Қазан), «Амур» (Хабаровск), «Витязь» (Подольск), «Динамо» (Мәскеу), «Локомотив», «Металлург» (Магнитогорск), «Нефтехимик» (Нижнекамск), «Салават Юлаев» (Уфа), «Северсталь» (Череповец), «Сибирь» (Новосібір), СКА (Санкт-Петербург), «Спартак» (Мәскеу), «Торпедо» (Нижний Новгород), «Трактор» (Челябинск), «Сочи» (Сочи), ЦСКА (Мәскеу). Беларусьтің «Динамо» (Минск), Латвияның «Динамо» (Рига), Финляндияның «Йокерит» (Хельсинки) және Қытайдың «Куньлунь Ред Стар» (Бейжің) құрлықтық хоккей лигасында бақ сынайды.

Естеріңізге сала кетелік, «Барыс» алғашқы ойынын 3 қыркүйекте Латвияда «Динамо» (Рига) командасымен өткізеді .

Одан кейін 5 қыркүйекте Беларусьтің «Динамо» (Минск), 7 қыркүйекте Ресейдің ЦСКА командаларымен шеберлік байқасады. Ал 10 қыркүйекте өз айдынында Қытайдың «Куньлунь Ред Стар» клубын қабылдауы тиіс. Әзірге бұл ойынның қайда өтетіні белгісіз. «Барыс» басшылығы ол жөнінде қосымша мәлімет беретінін хабарлады.


Соңғы жаңалықтар