КХДР кезекті рет снарядтар ұшырды

None
None
СЕУЛ. YONHAP – ҚазАқпарат –Корея Халық Демократиялық Республикасы дүйсенбі күні таңертең жақын дәлдіктегі үш снарядты Шығыс теңізіне ұшырды. Бұл туралы Yonhap-қа сілтеме жасап «ҚазАқпарат» ХАА хабарлайды.

Оңтүстік Корея Штаб бастықтары біріккен комитетінің мәліметі бойынша, снарядтар Оңтүстік Хамгён провинциясындағы Сондок қаласына жақын жерден жергілікті уақыт бойынша шамамен сағат 07:36-да ұшырылды. Олардың ұшу ұзақтығы – 200-ге жуық шақырымды, биіктігі 50 шақырымды құрады.

Айта кетсек, КХДР осыған ұқсас ұшыруларды 2 наурыз күні жүргізген болатын.

«Бұл – зымырандық ұшыру қондырғыларының бірнеше типі қатысатын артиллериялық оқулардың бір бөлігі», - делінген Бірлескен комитеттің таратқан хабарламасында.

Оңтүстік Корея және АҚШ-тың барлау органдары ұшыруларға анализ жасап, «қосымша ұшырулар болған жағдайға бақылау жүргізуде».

2 наурызда КХДР кезекті оқулар кезінде Ким Чен Ынның басшылығымен көпмақсатты зымыран қондырғысынан жақын радиусты екі снарядты ұшырған еді.


Соңғы жаңалықтар