ҚХА Түркістан облысындағы су тасқынына байланысты гуманитарлық акция бастады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан халқы Ассамблеясы Түркістан облысының Мақтаарал ауданындағы ахуалға байланысты су тасқынынан зардап шеккен ауыл тұрғындарын қолдауға арналған гуманитарлық акция баста, деп хабарлайды ҚазАқпарат ассамблеяның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қазіргі кезде халыққа азық-түлік, гигиеналық заттар мен бірінші кезекте қажетті тауарларды жеткізу керек. Осыған байланысты Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелерін, этномәдени бірлестік басшыларын, Достық үйлері жанындағы ҚХА волонтерлер орталықтарын су тасқынынан зардап шеккен Мақтаарал ауданының тұрғындарына жіберу үшін қаражат, азық-түлік тағамдарын, тіршілік етуге бірінші кезекте қажет болатын тауарларды жинауды ұйымдастыруға шақырамыз»,-делінген хабарламада.

Көмекті жинау үшін Шымкент қаласындағы Достық үйінің базасында Қазақстан халқы Ассамблеясының Республикалық жедел іс штабы ұйымдастырылады. Оны Түркістан облыстық ҚХА хатшылығының меңгерушісі Рысбеков Ғани Құрмашұлы басқаратын болады.




Соңғы жаңалықтар