+7 (701) 759 90 19
USD 376.84 EUR 407.97
RUB 5.91 CNY 53.80
Jańalyqtar

ҚХА ресми сайты мен «El.kz» интернет порталы бірыңғай интернет платформаға айналды

2020 жылғы 24 қаңтар 17:11
Бөлісіңіз:
ҚХА ресми сайты мен «El.kz» интернет порталы бірыңғай интернет платформаға айналды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «El.kz» интернет порталы Қазақстан халқы Ассамблеясының басты ақпараттық-танымдық платформасы болады.

Ұқсас жаңалықтар
Дәурен Абаев Қордайдағы оқиға жайлы: Оқиғаның себептері тереңде жатуы мүмкін Қасым-Жомарт Тоқаев Жансейіт Түймебаевты қабылдады Дархан Базарбаевтың ерлігі – біздің бәріміз үшін үлгі - министр

Бүгін «Қазконтент» АҚ-ы төрағасының міндетін атқарушы Зарина Құлұмбетова Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Жансейіт Түймебаевқа Қазақстан халқы Ассамблеясының «assembly.kz» сайтымен біріктіріліп, жаңартылған «el.kz» ақпараттық-танымдық порталын жаңа форматта таныстырды.

Аталмыш екі интернет портал өз жұмысын жаңа форматта осы жылдың ақпан айының орта шегінде бастайды деп жоспарланып отыр.

Жаңартылып, толықтырылған «еl.kz» сайтында оқырман Қазақстанның көптүрлі мәдениетімен, әр ұлттың салт-дәстүрімен, еліміздің бай табиғатымен, ел ішінен шыққан тұлғалар есімдерімен таныса алады. Сондай-ақ, порталда Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметіне қатысты және еліміздегі қоғамдық-саяси, әлеуметтік-мәдени ақпараттық сипаттағы материалдар жарияланып отырады.

Таныстырылым барысында «assembly.kz» интернет порталы Ассамблеяның ресми парақшасы ретінде корпоративті нұсқада сақталатындығы да айтылды. Корпоративті сайтта негізінен ақпараттандыру қызметіне басымдық беріледі. Мұнда дербес сайт ретінде Ассамблеяның басшылығы, құрылымы, нормативті-құқықтық базасы, сессиялық жұмысы мен күнделікті қызметіне байланысты ақпараттар жарияланатын болады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT