ҚХА өзіне жүктелген міндеттерді толық орындай алды - Зада Дүкенбаева

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 26 жылда Қазақстан халқы Ассамблеясы өзіне жүктелген міндеттерді толық орындай алды. Мұндай пікірді тарих ғылымдарының докторы, Л.Гумилев атындағы ЕҰУ профессоры Зада Дүкенбаева білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«26 жылда Қазақстан халқы Ассамблеясы туындаған түрлі мәселелерді уақытылы шешіп, алдына қойылған міндеттерді толық орындай алды. Біз ғылымды, мәдениетті және экономониканы дамыту жолында ұлтқа бөлінбей еңбек еттік. Ақ немесе қара деп алаламай, жұмыла жүк көтеріп, бірілікте өмір сүруімізге қазақтың қонақжайлық қасиеті негіз болды деп ойлаймын. Қазақ жеп отырған бір үзім нанын қонағына деп сақтаған халық. Жеріміздің көлемі қандай кең болса, ұлтымыздың да пейілі сондай дархан», - деді Зада Оразғалиқызы.

Сонымен қатар тарих ғылымдарының докторы қазақстандықтарды келе жатқан 1 мамыр - Қазақстан халықтарының бірлігі күні мерекесімен құттықтады.

«Қазақстанды мекен еткен барша ұлт өкілдеріне ашық аспан, деніне саулық тілеймін! Әлемді жайлаған індеттен аман өтіп, қазақтың көк туының астында тату-тәтті өмір сүрейік!», - деп ізгі тілегін жеткізді Зада Дүкенбаева.

Еске сала кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының жиырма тоғызыншы сессиясын шақыру туралы Жарлыққа қол қойған болатын. Сессия 28 сәуірде елордадағы Назарбаев орталығында өтеді.


Соңғы жаңалықтар