+7 (701) 759 90 19
USD 428.05 EUR 501.2
RUB 5.47 CNY 63.87
Jańalyqtar

ҚХА мүшелері Таулы Қарабақтағы жағдайға қатысты мәлімдеме жасады

2020 жылғы 28 қыркүйек 13:23
Бөлісіңіз:
ҚХА мүшелері Таулы Қарабақтағы жағдайға қатысты мәлімдеме жасады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері – Қазақстандағы әзербайжандықтар қауымдастығының төрағасы А.Хамедов және «Луйс» армян мәдени орталығының тең төрағасы Н.Микаелян Таулы Қарабақтағы жағдайға байланысты мәлімдеме жасады.

«ҚазАқпарат» агенттігі мәлімдеменің толық мәтінін жариялайды.

«Біз, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері Таулы Қарабақтағы жағдайдың шиеленісуіне қатысты алаңдаушылық білдіріп отырмыз. Бұқаралық ақпарат құралдарындағы бейбіт тұрғындар арасында құрбандар болу мүмкіндігі туралы ақпаратты үрейлене қабылдадық.

Адам өмірі, денсаулығы, қарапайым тұрғындар, соның ішінде қарт адамдар, әйелдер мен балалардың өміріне қауіп төніп тұрғанда, мәселені әскери жолмен шешуге болмайды деп санаймыз. Екі тарапты атысты тоқтатып, шиеленіскен жағдайды келіссөздер арқылы реттеуге шақырамыз. Қантөгіске, адамдардың құрбан болуына, үйлердің қирауына жол берілмеуі тиіс. Эмоция адамдар арасындағы бейбітшілік, ақыл-парасат және игі қатынастарыдан жоғары тұрмауы тиіс.

Қазақстан әзербайжандары мен армяндары қазақ жерінде ондаған жылдар бойы бір халықтай бейбіт өмір сүріп, бір-біріне шынайы құрметпен қарайды. Біз кез келген мәселені өзара келісім арқылы шешуге болатынын білеміз және солай істеу керек деп есептейміз. Бауырларымыздың қаны төгіліп жатқаны біз үшін үлкен қайғы-қасірет.

Біз Қазақстандағы барлық этникалық топтардың өкілдерін ауызбіршілік танытып, алауыздық пен зорлықтың кез келген түріне қарсы шығуға шақырамыз. Біз бір сәттік эмоция, теріс ақпарат, арандатушылыққа берілмеуіміз керек. Бізге қазір Таулы Қарабақта болсын, басқа жерде болсын бейбітшілік, мейірім мен өзара сыйластық қажет» - делінген мәлімдемеде.

Еске сала кетейік, Әзербайжан мен Арменияның қорғаныс ведомстволары жексенбі, 27 қыркүйек күні Таулы Қарабақтағы жағдайдың ушығуы туралы мәлім етті.

Әзербайжан мен Армения елдерінде әскери тәртіп жарияланған. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі армян-әзербайжан жанжалына қатысты мәлімдеме жасады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Зарина Туғанбаева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT