KFW дебютанты Динара Сәтжан жаңа коллекциясы туралы айтты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Танымал тележүргізуші Динара Сәтжан ҚазАқпарат тілшісіне Kazakhstan Fashion Week-тегі сән үрдістері мен Қазақстан сән апталығындағы дебюттік коллекциясы  туралы айтып берді.

Бұрынғы тележүргізуші Динара Сәтжан алғаш рет 2018\19 жылдың күз-қыс мезгілі прет-а-порте Сән апталығындағы жеке киім желісін таныстырды. Дизайнер қазақстандық сәнқойларға арнап жеңіл жазғы киімдерді ұсынды.

«Менің коллекциям көктем мен жаз мезгіліне арналған. Тіпті, көрсетілім үшін су мен құстардың сайраған дыбыстары бар музыканы таңдадым. Астананың тұрғыны бола тұра, көшеде жеңіл киіммен кетіп бара жатқан алматылықтарды көргенде, әлемдегі ең суық астанада тұратынымды түсінемін. Бұл киім желісі - менің «жан айғайым», - деді Динара Сәтжан.
null 

Динара Сәтжан көйлектерді аса нәзік шифоннан, шыттан, тордан және гүлді гипюрдан тіккен.
null 

«Соңғы жылдары әлем бойынша хипстер стилі танымалдылыққа ие болуда, бірақ бұл да жайлап өтіп жатыр. Бұл заттар көбіне жасөспірім ұрпаққа арналған. Мен стильдегі нәзіктікті қалаймын. Менің киімім - менің болмысымды, ойымды көрсетіп тұр. Менің жасап жатқан дүнием қалыптасқан тұлғалар мен әйелдерге арналған», - деді дизайнер.
 null null  

KFW қатысушылары атап өткендей, 2018 жылдың көктем мен жазында қанық және ашық түсті киімдер сәнге айналмақ. Дизайнерлер үлпілдеген көйлек пен кең сәнді белдемшелер ұсынуда. 
null  

Соңғы жаңалықтар