Кез келген ХҚКО-да төлқұжат ауыстыруға мүмкіндік бар

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Енді Астана, Алматы және Шымкент тұрғындары паспорт пен жеке куәлікті ауыстыру бойынша тұрғылықты мекенжайынан тыс кез келген Халыққа қызмет көрсету орталығының қызметін пайдалана алады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Абылайхан Оспановқа сілтеме жасап.

«Әлеуметтік желілерде халықтың көпшілігі Астанаға, Алматыға немесе Шымкентке өзге қалалардан келген адамдардың кез келген ХҚКО қызметін пайдалана алатынын, бірақ сол үш қала тұрғындарының өздері тіркелген аудандағы бір ғана ХҚКО-ға баратындарын айтып, наразылық білдіруде. Мәселен, сіз Ақтөбеде тіркеуге тұрып, жеке куәлікті Астанада алғыңыз келсе, кез келген ХҚКО-ға бара аласыз. Ел аумағындағы «Экстерриториалдық ұстанымды» 2014 жылдың көктемінде енгізіп қойғанбыз.  Ал Астананың Есіл ауданында тіркелген тұрғын Сарыарқа ауданының ХҚКО-ына бара алмайды.  Кеңселер жұмысының көптігінен ол тұрғын тек қана Есіл ауданының ХҚКО-ына баруы тиіс болды», - деп жазды ол әлеуметтік желіде.

«Бұл мәселені көші-қон полициясымен бірлесе отырып қол алып, нәтижеге қол жеткіздік! Енді «экстерриториалдық ұстаным» Астана, Алматы және Шымкент қалаларына енгізіледі - бұл үш қаланың тұрғындары паспорт пен жеке куәлікті ауыстыру бойынша тұрғылықты мекенжайынан тыс кез келген Халыққа қызмет көрсету орталығының қызметін пайдалана алады», - деп хабарлады А.Оспанов.

Соңғы жаңалықтар