Кеше республикада орын алған екі өрттің салдарынан 6 адам қаза тапты - ТЖМ

None
None
АСТАНА. Қарашаның 28-і. ҚазАқпарат - Кеше республикада орын алған екі өрттің салдарынан 6 адам қаза тапты,

деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Министрліктің хабарлауынша, жұма күні Орал қаласындағы жеке тұрғын үйдің 160 шаршы метрін шарпыған тілсіз жауды ауыздықтау барысында 4 азаматтың мәйіті табылған. Өрт облыстық төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру қызметінің күшімен 2 сағатқа жетпей сөндірілген.

Ал Шығыс Қазақстан облысына қарасты Черемшанка елді-мекеніндегі жеке тұрғын үйден шыққан өртті сөндіру кезінде екі адамның денесі табылған. Тілсіз жау жарты сағаттың ішінде ауыл тұрғындарының күшімен ауыздықталған. Оқиға орнына өрт сөндіру қызметі шақырылмаған.

Соңғы жаңалықтар