Кеше республика бойынша 2 өрт оқиғасы тіркелді

None
None
АСТАНА. Желтоқсанның 12-сі. ҚазАқпарат - Кеше республика бойынша 2 өрт оқиғасы тіркелген,

 деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ТЖМ-іне сілтеме жасап.

 Министрліктің деректеріне қарағанда, кеше Қостанай облысының Федоров ауданына қарасты Лесное ауылындағы жекеменшік тұрғын үйдің 36 шаршы метр аумағы жалын құшағына оранған. Өртті сөндіру барысында 38 жастағы азаматтың денесі табылған. Тілсіз жауды ауыздықтауға облыстық төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру қызметінің 5 адамы мен 1 техникасы тартылған.

 Ал Маңғыстау облысының Түпқараған ауданындағы «Солтүстік Бозащы» кен орнының 96 шаршы метрді құрайтын асханасы өртеніп кеткен. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Өртті сөндіруге ҚР ТЖМ-нің «Өртсөндіруші» АҚ жеке құрамының 12 маманы мен 2 техникасы жұмылдырылған.

Соңғы жаңалықтар