Кеше 3 жол-көлік оқиғасының салдарынан 7 адам зардап шегіп, 3 адам қаза тапты - ТЖМ

None
None
АСТАНА. Желтоқсанның 12-сі. ҚазАқпарат - Кеше елімізде орын алған 3 жол-көлік оқиғасының салдарынан 7 адам зардап шегіп, 3 адам қаза тапты,

деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ТЖМ-іне сілтеме жасап.

 Атап айтқанда, Ақтөбе қаласында «ВАЗ» және «КрАЗ» көліктерінің соқтығысуынан 1 адам қаза болып, 2 азамат жарақат алған.

Ал Алматы облысына қарасты Қаратал қаласында «Ауди» көлігі жаяу жүргіншіні қағып кетіп, 89 жастағы қарт  оқиға орнында көз жұмған.

Батыс Қазақстан облысының Казталовка елді мекенінде «Тойота» көлігінің 21 жастағы жүргізушісінің рульге ие бола алмауынан машина аударылған. Жол-көлік оқиғасының салдарынан жүргізуші сол жерде қаза тауып, оның  5 жолаушысы ауруханаға жеткізілген.

Соңғы жаңалықтар