«Керемет ойын көрсетті». Сарапшы Жәнібек Әлімханұлының шеберлігіне қайран қалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - The Ring журналының тұрақты авторын Райан Кристофер Сонгалия АҚШ-тың Калифорния штаты Оклендтегі бокс кешінде жеңіске жеткен қазақстандық боксшылар Жәнібек Әлімханұлы мен Асхат Уәлихановтың қалай бокстасқаны туралы өз пікірімен бөлісті, деп хабарлайды Sports.kz. 

«Жәнібек керемет ойын көрсетті, Уәлихановтың шеберлігі онша көрінбеді. Оның қарсыласының көрсеткіші керемет болған жоқ, дегенмен екеуі жақсы айқасты. Ол жеңілуді қаламайтын Техастың «тентек жігіті» болып шықты», - деп есептейді бокс туралы жазатын танымал америкалық автор. 

ESPN+ тікелей эфирден көрсеткен бокс кеші аясындағы қазақстандықтардың айқасы Top Rank промоутерлік компаниясының қарамағындағы алғашқы жекпе-жек болды. Top Rank - Василий Ломаченко мен Теренс Кроуфорд сияқты танымал боксшылардың мүддесін қорғайтын промоутерлік компания.

Соңғы жаңалықтар