+7 (701) 759 90 19
USD 376.16 EUR 406.18
RUB 5.90 CNY 53.60
Jańalyqtar

Кенжехан Матыжанов: Абай – ұлтымыздың рухани темірқазығы

2020 жылғы 9 қаңтар 17:33
Бөлісіңіз:
Кенжехан Матыжанов: Абай – ұлтымыздың рухани темірқазығы

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Мемлекет басшысының «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласына орай Мұхтар Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының директоры Кенжехан Матыжанов өз ойын білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кенжехан Матыжановтың пікірінше, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Egemen Qazaqstan» газетінде жарық көрген мақаласы ұлы ойшыл Абайдың 175 жылдық мерейтойын әлемдік деңгейде атап өтудің тұжырымдамалық негізі іспетті.

Сондай-ақ, ол Абайдың әлеуметтік, рухани тұжырымдары қазақ үшін қашанда адастырмайтын темірқазық екенін атап өтті.

«Абай – ұлтымыздың рухани темірқазығы. Жылдың басы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласымен басталуы біздің рухани өміріміздегі үлкен құбылыстың бірі. Бұл – терең ойды қозғаған, өте салмақты мақала деп есептеймін»,– дейді Кенжехан Матыжанов

Оның айтуынша, ел Президентінің Абайға ерекше назар аударғанында үлкен мән бар.

«Өмір үлкен көл, замана соққан жел»,- деген ойшыл Абай. Уақыт өткен сайын Абайды кезең-кезеңмен танып келеміз. Абайға әрқашан жаңа тұрғыдан оралып келіп отырамыз. Биылғы 175 жылдық мерейтой өзгеше болмақ. Ұлы Абайдың бізге өсиет етіп кеткен дүниесі осы елдің еркіндігі, халықтың бостандығы емес пе? Менің ойымша Абай біздің ұлттық болмысымыздың үлкен биігі, сондықтан Абайды жаңаша тану керек және оны жас ұрпаққа жаңаша түсіндіру қажет. Біз Абай көрсеткен ұлы жолдан, Абай көрсеткен адамгершілік, ұлттық нысанадан ауытқымауымыз керек»,–дейді тіл маманы.



Фото: bilimdinews.kz


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT