Кентаулық жалғызбасты ана мал бордақылаумен айналысады
Тынымсыз еңбек пен төгілген тердің арқасында бүгінде жылқы малының санын 40-қа дейін көбейткен. Қазіргі таңда бір жылқыдан 250-340 кг аралығына дейін ет алады. Малды негізінен Қостанай облысынан алдыртқан. Етті бағыттағы асыл тұқымды жылқылар ерекше күтімді қажет ететіндіктен, шаруа оларды күтіп-баптауға күніне 7-8 сағатын арнайды.
Ұғылтпаш ананың балалары да отбасылық кәсіптен алшақ емес. Олар анасына қолғабыс болып, ата кәсіптің қыр-сырын меңгеріп жүр. Үлкен ұлы ветеринар мамандығын оқып, әр жануардың денсаулығына айрықша күтім жасаудың үлгісін қолдануда. Еңбекқор ана бордақыланған жылқы етіне сұраныс артқанын, әсіресе жергілікті тұрғындар алып кететінін айтады. Жалғызбасты ана ендігі жерде қораларын ұлғайтып, жылқы санын 100-ге жеткізуді көздеп отыр. Сондай-ақ, қымыз өндіруді қолға алғысы келетінін айтады.