Кентаулық үш жігіт көшедегі бейнебақылау камераларын таспен ұрып сындырған

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысы, Кентау қаласында тұратын үш жігіт көшедегі бейне бақылау камераларын таспен ұрып сындырған. Үш камераны жарамсыз күйге түсіріп, мемлекетке 1,5 млн теңге көлемінде шығын келтірген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, Кентау қалалық полиция бөліміне Жаңа Иқан ауылының әкімінен арыз келіп түскен. Онда Шымкент пен Жаңа Иқан көшелерінің қиылысында орналасқан әкімшіктің қарамағындағы 3 жана жол қозғалысын бақылайтын бейнебақылау камераларын белгісіз азаматтар сындырып кеткені көрсетілген. Осы жәйтке қатысты іздестіру шараларын жүргізген полицейлер бұзақылық қылмысын жасаған күдіктілерді анықтады. Олар үш жергілікті тұрғын болып шықты.

«Тергеу барысында күдіктілер қызық көру мақсатында, камераларды таспен атып сындырғандары белгілі болды. Олар өз кінәларын толық мойындап, ешқайда кетпеу туралы қол хат алынды. Қазіргі таңда аталған жайт Кентау ҚПБ сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркеліп, ҚР ҚК-нің 202-бабы «Бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдiру» бойынша қылмыстық іс қозғалды» делінген хабарламада.



Соңғы жаңалықтар