Кентауда 120-дан астам көше жөнделіп жатыр

None
None
КЕНТАУ. ҚазАқпарат - Түркістан облысы Кентау қаласында 122 көшеге жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Оның ішінде жалпы ұзындығы 26 шақырымды құрайтын 11 көшенің құрылысы «Жұмыспен қамту – 2020» және «Жол картасы» бағдарламалары аясында жүзеге асырылуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат өңір басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ал 96 көшенің жөндеу жұмыстары мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында атқарылып жатыр. Оның 37-сі ағымдағы, 48 көше орташа жөндеуден өтпек.

Жалпы Кентау қаласындағы бірқатар жолдардың тозығы жеткен. Жаңбыр жауған күндері көшелерді су басып, тұрғындарға қолайсыз жағдай туындатып жататыны жасырын емес. Осы аталған мәселені оңтайлы шешу мақсатында қала көшелеріне ағымдағы және орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқанын айтады жауапты мамандар. Жөндеуден өткізіліп жатқан көшелерге суағарлар мен аяқ жолдар салынуда.


Айта кетейік, Кентау қаласында 2020 - 2025 жылдар аралығында жалпы ұзындығы 101,7 шақырым болатын 142 ішкі орам көшеге ағымдағы, орташа және күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады.



Соңғы жаңалықтар