Кентау қаласында жыл соңына дейін 600 отбасыға баспана берілмек

None
None
КЕНТАУ. ҚазАқпарат – Түркістан облысы Кентау қаласында жыл соңына дейін 600 отбасыға баспана берімек. Бүгінде шағын қалада 60 пәтерлі 10 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Іргетасы өткен жылы қаланған үйлердің құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталуға жақын. Бұл баспаналар жыл соңында, қаланың 65 жылдық мерейтойына орай мүмкіндігі шектеулі жандар мен көпбалалы отбасыларға берілмек. Сондай-ақ, түрлі санаттар бойынша кезекте тұрған тұрғындарға тапсырылады деп күтілуде.

«Жалпы саны 600 пәтері бар үйлердің аумағы 33240 шаршы метрді құрайды. Тұрғын үйлердің аулалары абаттандырылып, балалар ойын алаңшаларымен тұрғындарға арналған демалыс орындарымен қамтылатын болады», – дейді қалалық құрылыс бөлімінің басшысы Ерлан Алдыбаев.

Қалада сонымен қатар 25 пәтерден тұратын 96 тұрғын үйдің жобалау сметалық құжаттамасы әзірленіп отыр. Құрылыс жұмыстары келесі жылы басталып, жаңа баспаналар 15 шағын ауданда бой көтереді деп жоспарланған.


Соңғы жаңалықтар