15:02, 10 Маусым 2021 | GMT +6
Кенияда коронавирусқа қарсы вакцинаның орнына суды пайдаланған
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Кениядағы мемлекеттік ауруханалардағы медицина қызметкерлері жергілікті тұрғындарға Covid-19 вакцинасының орнына су салған, деп хабарлайды ҚазАқпарат News24-ке сілтеме жасап.
Африка елінің тұрғындары елдің COVID-19 вакцинасын жоспарға сәйкес англо-швед фармацевтикалық компаниясы AstraZeneca препаратымен тегін алуға құқылы. Вакциналау мемлекет аккредиттеген арнайы медициналық орталықтарда жүргізіледі.
Алайда дәрі-дәрмектің жетіспеуіне байланысты кейбір дәрігерлер кениялықтарға ақша үшін вакцина ұсына бастаған, ал вакцинаның орнына су енгізген.
Елдің денсаулық сақтау министрі Мутахи Кагве азаматтарды вакцина үшін төлем жасамауға және тегін дәрі-дәрмек күтпеуге шақырды.
Оның айтуынша, билік алаяқтықтың осындай жағдайларын тергеуді бастады және қылмыстық іс қозғады.