Кеңес Рақышев министрдің кеңесшісі қызметіне тағайындалды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық танымал бизнесмен Кеңес Рақышев ҚР Сыртқы істер министрінің штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Кеңес Рақышев министрдің штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалған. Ол шетелдік инвестицияларды тарту мәселелері бойынша кеңес беріп тұрады. Штаттан тыс кеңесші болғаннан кейін жалақы алмайды», - деді ҚазАқпарат тілшісіне ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров.

Соңғы жаңалықтар