Кен орындарын онлайн аукционда сату тәртібіне өзгерістер енгізіледі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Энергетика министрлігі жер қойнауын барлау және пайдалану құқығын беретін онлайн аукциондардың тәртібін жетілдіру үшін заңнамаға өзгерістер енгізбекші, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы вице-министр Жанат Жахметова орталық коммуникациялар қызметінде өткен бапасөз мәслихатында айтты.

«Алғашқы екі аукционды өткізу қорытындысы бойынша министрлік шараны өткізу процесін жақсарту бойынша ұсыныстар әзірледі. Қазіргі уақытта заңнамаға бірнеше түзету енгізуді жоспарлап отырмыз», - деді министрлік өкілі.

Олар: бастапқы аукционға қатысушыларға қол қою бонусы мөлшеріндегі кепілдік жарна төлету, қатысушыға сатып алу құқығын беру, ойнлайн аукционды жылына 2 рет қана өткізуге рұқсат беретін шектеуді алып тастау.

«Бұл бізге бәсекелестікті және аукциондар өткізу жиілігін арттыруға мүмкіндік беред», - деді Жанат Жахметова.

Осы шарада ол сәуір айында өткен онлайн аукционда мұнай кеніштері бастапқы бағасынан 13 есе қымбатқа сатылғанын айтты.



Соңғы жаңалықтар