Кемелбек Ойшыбаев: Соттан басқа органдар журналистен дереккөзді ашуды талап ете алмауы керек

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің орынбасары Кемелбек Ойшыбаев елордада өтіп жатқан бұқаралық медианы заңнамалық реттеу туралы конференцияда журналистік зерттеулердің сапасын арттыру үшін қабылданатын заңнамалық өзгерістерді атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Министрлік үшін басымдықтардың маңызды блогы журналистердің құқықтарын қорғау болып қала береді. Бұл бағытта да бірқатар ұсыныстар әзірленуде. Мысалы, журналист өз қызметін соғыс қимылдары, қарулы қақтығыстар, төтенше жағдай сияқты ерекше жағдайларда жүзеге асырған жағдайда оған құқықтық кепілдіктерді бекіту ұсынылады», - деген вице-министрі пандемия кезеңі журналистердің қауіпті аймақтың алғы шебінде жүретінін көрсеткенін еске салды.

«Сондай-ақ, ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз ету шараларын заңнамалық деңгейде бектіуді ұсынамыз. Атап айтқанда, журналист алған ақпаратты құпия сақтау шартымен журналистің жарияламау құқығын қарастыру ұсынылады. Құпия көз тек соттың талабы бойынша ашылатынын көздеу қажет деп есептейміз. Басқа жағдайда ешқандай орган дереккөзді ашуды журналистен талап ете алмауы керек. Бұл елімізде журналистік зерттеулердің сапасын арттырып, осы бағытты дамытады деп ойлаймын», -деді министрдің орынбасары.


Соңғы жаңалықтар