+7 (701) 759 90 19
USD 399.67 EUR 452.95
RUB 5.82 CNY 56.36
Jańalyqtar

Келесте пошта қызметкері ауыл тұрғынының жәрдемақысын алып, жұмсап жіберген

2020 жылғы 21 мамыр 14:30
Бөлісіңіз:
Келесте пошта қызметкері ауыл тұрғынының жәрдемақысын алып, жұмсап жіберген

КЕЛЕС. ҚазАқпарат – Түркістан облысы Келес ауданында бұрынғы пошта қызметкері тұрғынның есепшотынан ақша алған. Жәбірленуші ақшасының ұрланғанын мемлекет тарапынан берілген жәрдемақысы жоғалған соң бір-ақ білген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, арызданып келген тұрғын есепшотына мемлекет тарапынан түскен 30 мың теңгені пошта қызметкері заңсыз алғанын айтқан.

Істің толық мән-жайын анықтау мақсатында тәжірибелі полицейлерден жедел-тергеу тобы құрылып, осы қылмысқа қатысты күдікті анықталған. Ол бұрынғы поштада қызметкері болып шықты.

Тергеу барысында күдікті поштада істеп жүрген кезінде жергілікті тұрғынның ақшасын өзі қол қойып, алғанын мойындаған. Осылайша ол өзінің қызметін пайдалана отырып, жалған құжаттармен өзгенің сеніп тапсырылған мүлкін иемденген.

«Күдіктіге қатысты ҚР ҚК 189 және 385-бабы бойынша тергеу амалдары жүргізілді. Заңсыз алған ақшаны өз қажетіне жаратып жібергені белгілі болды. Қолхатпен босатылған. Қазіргі таңда жинақталған іс-құжаттары аудандық сотқа жолданды» делінген хабарламада.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Түркістан облысы, Оқиға, Заң,
Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT