Келесі жылы Қордайдан коронавирусқа қарсы вакцина шығарыла бастайды - Бердібек Сапарбаев

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жамбыл облысының Қордай ауданындағы коронавирусқа қарсы вакцина өндіретін зауыт зауыт осы жыдың аяғында іске қосылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен індетке байланысты біздің Қордай ауданында вакцина шығаратын зауыт салынып жатыр. Ол жерде мемлекетіміздің биологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде институт бар. Олар қазір бруцеллезге, дерматитке, құс тұмауына байланысты вакцина шығарады. Қазір енді ол жерде жаңа зауыт бой көтеруде. Ол зауыт жылына кем дегенде 30 миллионнан 60 миллион дозаға дейін коронавирусқа қарсы вакцина шығарады», - деді Жамбыл обылысының әкімі Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Жоспар бойынша осы жылдың аяғында зауыт іске қосылмақ.

«Келесі жылы наурыз айында вакцина шығарады. Үкіметтің көмегі мен қолдауы бар. Сонда жұмыс істейтін қызметкерлерді қолдау үшін ол жерде тұрғын үй салынып жатыр. Бірінші 90 пәтерлік тұрғын үй келесі жылы пайдалануға беріледі. Қалған 2 үйдің құрылысын келесі жылы бастаймыз. Осындай вакциналарды шығару үшін жақсы мамандарды тартуымыз керек. Сондықтан қазір сонда жұмыс істейтін мамандардың жалақысын көтеру мәселесі пысықталып жатыр», - деді ол.


Соңғы жаңалықтар