Келес тұрғындары кәсіпкерлік негізінде оқытылды

None
None
КЕЛЕС. ҚазАқпарат – Түркістан облысы, Келес ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту орталығында бос жұмыс орындарына жәрмеңке ұйымдастырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бос жұмыс орындарына жәрмеңке тұрақты және уақытша бос жұмыс орындарына мүмкіндігі шектеулі және пробация есебінде тұрған азаматтардың Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында ұйымдастырылды.

Жәрмеңкеге аудан бойынша, 37 жұмыс берушілерден 48 тұрақты бос жұмыс орнындары, сонымен қатар шаруа қожалықтардан 77 жаңа жұмыс орындары ұсынылды. Келес ауданы әкімдігінің жылдық жоспар бойынша пробация есебінде тұрған 13 азамат пен жұмыс орындары квотасымен 10 азамат қамтылу қажет болған.

Осы жоспарға сәйкес жәрмеңкеде пробация есебінде тұрған 11 азамат тұрақты, 6 азамат қоғамдық ақылы жұмысқа орналасты. Ал, 11 азамат қысқа мерзімді кәсіби оқуға, 3 азамат «Бастау бизнес» жобасы шеңберінде кәсіпкерлік негізінде оқытылды. Олардың екеуі маусым айында 100 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік грант берілді. Жәрмеңкеге 159 жұмыссыз азамат қатысса, олардың 35-і пробация қызметінің есебінде тұрған және 11 мүгедек азаматтар. Бұл тұрғындар ұсынылған бос жұмыс орындарынан өздеріне лайықты жұмысты қарап, тұрақты жұмысқа жолдама алды.

Соңғы жаңалықтар