Келес ауданында 72 шақырымға жуық жол жөнделуде

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысының Келес ауданында биыл 71,3 шақырым, яғни 43 көшеге түрлі деңгейдегі жол жөндеу жүмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат Түркістан облысы Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

«Аудан орталығы Абай ауылы бойынша «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында 28,19 шақырым, яғни 23 көшенің орташа жол жөндеумен қатар абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі таңда Абай ауылындағы 23 көшенің 19 көшесінде жол жөндеу құрылыс жұмыстары аяқталған. Қалған 4 көшенің жөндеу жұмыстары қараша айының соңына дейін толығымен аяқталып, пайдалануға берілетін болады», делінген хабарламада.

Аудандағы елді мекендердегі ішкі көшелердің 43,1 шақырымы, яғни 20 көшеге түрлі деңгейдегі жол жөндеу жұмыстары жоспарланған. Оның ішінде 10 көшенің жөндеу жұмыстары аяқталуға таяу. Ал қалған 10 көшенің мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізілуде. Сонымен қатар, бір аудандық маңызы бар «Ащыкөл-Қалғансыр» 6,8 шақырым автомобиль жолдары мемлекеттік сатып алу конкурсында өткізілуде.

Соңғы жаңалықтар