«KEGOC» компаниясы ШҚО әкімдігімен жасалған келісімге сәйкес ҰЭЖ жұмысына қатысты техникалық шаралардың қаңтардың 18-іне ауыстырылғанын хабарлайды

None
None
АСТАНА. Қаңтардың 15-і. ҚазАқпарат - KEGOC «Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы» АҚ Шығыс Қазақстан облысы әкімдігімен жасалған келісім бойынша осы өңір тұтынушылары үшін ұлттық электр желісі жұмысының режімін қайта қалпына келтіру жөніндегі техникалық шаралар 2010 жылғы қаңтардың 18-і күнгі сағ.15.00-ге ауыстырылғанын хабарлайды.

Мекеменің хабарлауынша, техникалық шаралардың кейінге қалдырылу себебі ШҚО әкімдігінің көрсетілген мерзімге дейін пайдаланылған электр энергиясын қайтару мәселесін толық реттеу туралы міндеттемесіне байланысты болып отыр. Бұған дейін жыл басынан бастап энергиямен жабдықтау мекемесі («Шығысэнерготрейд» ЖШС) тарапынан келісімнен тыс электр энергиясын пайдалану мөлшері 34 млн. кВтс-қа жеткенді хабарланған болатын.

Осыған орай «KEGOC» компаниясы өңірлік энергия желісі мекемесінің қолданыстағы «Электр энергетикасы туралы» ҚР Заңының 13 бабы 1 тармағын бұзуына байланысты шаралар қабылдау туралы прокуратура органдарына өтініш білдірген.

«Шығыс Қазақстан облысы көптеген жылдар бойы энергия қуатын пайдаланудағы теңгерімсіздік пен жүктеменің тәуліктік кестесінің бұзылуына жол беріп отырған жалғыз өңір болып табылады. Жіберіліп отырған теңгерімсіздік, яғни электр энергиясын өндіру-тұтынуды теңгерімдеу қызметін дұрыс пайдаланбау Қазақстанның ұлттық электр желісі мен шектес Ресей электр желісі жұмысының сенімділігін қамтамасыз етуге кері әсерін тигізіп отыр», делінген баспасөз хабарламасында.

Соңғы жаңалықтар