Кеден одағы құрылғаннан бері Қазақстанның серіктестермен жылдық тауар айналымы 1,6 есеге артты - Б.Сағынтаев

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Кеден одағы құрылғаннан бері Қазақстанның серіктестермен жылдық тауар айналымы 1,6 есеге артты. Бұл туралы ресейлік ТАСС агенттігіне сұхбат берген ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бақытжан Сағынтаев айтты.

«ЕАЭО елдерінің жиынтық сыртқы сауда айналымы 1 трлн. теңгені құрайтындығын атап өтейін. Қазақстан үшін елеулі фактор - бірыңғай экономикалық аумақ құру. Бұл біздерге ішкі нарық көлемін айтарлықтай ұлғайтуға мүмкіндік берді. Кеден одағы құрылғаннан бері Қазақстанның серіктестермен жылдық тауар айналымы 1,6 есе, 2009 жылғы 13 млрд. доллардан 2014 жылы 21 млрд. долларға дейін жетті. Экспорт көлемі де айтарлықтай өсті - 80 пайыз. Ал Кеден одағы елдеріне қазақстандық экспорттың жалпы көлеміндегі өңделген тауарлар үлесі 45-тен 58 пайызға дейін артты», - деді вице-премьер.

Ол өз сөзінде ЕАЭО-ның ортақ нарығын қалыптастыру есебінен инвестициялық тартымдылықтың арта түскендігін атап өтті.

«Статистика Кеден одағы жұмыс істей бастаған сәттен өңдеу өнеркәсібіндегі тікелей шетел инвестициясының көлемі бұған дейінгі 5 жылдық кезеңмен салыстырғанда үш есе ұлғайғанын көрсетіп отыр. Егер ақшалай мәнде айтар болсақ, онда 6 млрд. доллардан 18 млрд. долларға дейін артты. Бұл кешенді іс-шаралардың, оның ішінде мемлекетішілік даму бағдарламаларын жүзеге асырудың нәтижесі екендігі сөзсіз. Өкінішке орай, ағымдағы жылдың қорытындысында көптеген параметрлер, оның ішінде өзара сауда-саттықтың да цифрлары бірқатар объективті себептерге байланысты мүлдем басқаша болады. Ең алдымен біздің экспорттық тауарларымыздың әлемдік баға конъюктурасына және әлемдік қаржы нарығындағы тұрақсыздықтарға байланысты», - деді Б.Сағынтаев.

Соңғы жаңалықтар