Кеден бақылауы барысында қандай критерийлер ескеріледі - Мемлекеттік кірістер комитеті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мемлекеттік кірістер комитеті кеден бақылау барысында қандай критерийлер ескерілетін атап өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ведомствоның баспасөз қызметінет сілтеме жасап.

Комитет ресурстарды тиімді пайдалануды қамтамасыз ету үшін тәуекелдерді басқару жүйесін құру кезінде біз тәуекелдің жоғары деңгейі бар салаларға назар аударған.

«Біз барлық жүктерге жаппай бақылау жүргізбейміз, мысалы, 2020 жылдың 8 ай ішінде тауарлар импорты кезінде тауарларға арналған декларациялардың 39%-ы кедендік бақылаумен қамтылған, оның ішінде тек 10%-ы тексеріп қарауға, сараптамаға келеді, тауарларға арналған декларациялардың 61%-ы жүйемен автоматты түрде шығарылған», делінген хабарламада.

Ведомство кедендік бақылау нысандарын саралап қолдану мақсатында субъект-бағдарланған тәсілді қолданатынын жеткізді. Атап айтқанда, сыртқы экономикалық қызмет (СЭҚ) қатысушыларын олардың фискалдық көрсеткіштеріне сүйене отырып, тәуекел деңгейінің төмен, орта және жоғары санаттарға бөледі.

«Бізге бұл не береді? Автоматтандырылған есептеу арқылы біз сенімді компанияларды анықтаймыз, оларға қатысты бақылауды олар «жоғалып кетеді» деп қорықпай, тауарды шығарғаннан кейін жүргіземіз. Әдетте, бұл жақсы кедендік және салықтық беделі бар ірі және тұрақты компаниялар, олар бір жылдан астам уақыт жұмыс істеп келеді және нарықта өздерін дәлелдеді, төлемдер мен салықтарды төлеу бойынша берешегі жоқ, әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тарту фактілері жоқ және т.б», делінген хабарламада.

Біз тәуекел деңгейінің төмен санатына жататындар: «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» кодексінің 80-бабының 7-тармағына сәйкес дипломатиялық өкілдіктерді (елшіліктер, консулдықтар); уәкілетті экономикалық операторларды (бұдан әрі – УЭО) – «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» кодексінің 529-бабының 3-тармағына сәйкес УЭО мәртебесі бар заңды тұлғалар».

УЭО тізілімі ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің ресми сайтында орналастырылған;

- сыртқы экономикалық қызметті екі жылдан астам жүзеге асыратын ірі салық төлеушілерді – ҚР Үкіметі бекіткен Қазақстанның салық заңнамасына сәйкес мониторингке жататын ірі салық төлеушілердің тізбесіне енгізілген заңды тұлғалар. Осы тізбе Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған;

- отандық тауар өндірушілерді – Кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес жеткілікті қайта өңдеу өлшемдеріне сәйкес Қазақстан Республикасында тауарлар өндіруді немесе Қазақстан Республикасында тауарларды жеткілікті қайта өңдеуді жүзеге асыратын заңды тұлғалар. Бұл ақпаратты ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетінен алуға болады. Статистика комитетінің ақпараты бойынша осыған ұқсас ақпарат stat.gov.kz сайында бар;

- инвесторларды – жобалары іске асырылған не іске асырылу сатысында тұрған арнайы экономикалық аймақтарға қатысушыларды, инвестициялық келісімшарттар жасасқан инвесторларды, жобалары Индустрияландыру картасына енгізілген инвесторларды, сондай-ақ жобалары үкіметаралық келісімдермен реттелетін инвесторлар жатқызылады.

«Тәуекелдің жоғары деңгейіне жатқызылған СЭҚ қатысушылары кедендік бақылауға неғұрлым бейім, оларға біз соңғы 12 айда салықтар және бюджетке төленетін басқа да төлемдер бойынша берешегі, әкімшілік не қылмыстық бұзушылықтары бар компанияларды, сондай-ақ сыртқы экономикалық қызметті 1 жылдан аз жүзеге асыратын компанияларды жатқызамыз», делінген хабарламада.

Комитет, СЭҚ қатысушыларына кедендік бақылау шараларын барынша азайту үшін ашық болуға және өз міндеттемелерін адал орындауға шақырды.


Соңғы жаңалықтар