+7 (701) 759 90 19
USD 411.54 EUR 458.13
RUB 5.84 CNY 57.64
Jańalyqtar

Қазығұрт шаруалары жылыжайлардағы алғашқы  өнімдерін саудалауда

2020 жылғы 8 сәуір 01:56
Бөлісіңіз:
Қазығұрт шаруалары жылыжайлардағы алғашқы  өнімдерін саудалауда

ҚАЗЫҒҰРТ. ҚазАқпарат – Түркістан облысына қарасты Қазығұрт ауданында диқандар егін егіп, жылыжайларда көкөніс өнімдерін өсіруде. Биыл ауданда бау-бақша алқаптарының көлемін арттыруға да көңіл бөлінуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Тұрбат ауылдық округіне қарасты Қызылдихан елдімекенінде бес гектар жерге 8 түрлі жеміс ағаштарының көшеті отырғызылған. Ауыл тұрғыны Тоқтамұрат Хасановтың шаруа қожалығында бүгінгі күні 4000-ға жуық жеміс ағашы жайқалып өсіп тұр. Олардың қатарында сары өрік, шие, алма, алмұрт, жүзім, інжір, шабдалы, қарақат бар.

Жазға қарай жеміс беретін көшеттердің күтіп баптауға ауылдың 15-ке жуық тұрғыны маусымдық жұмысқа тартылған.

Таулы ауданда шаруалар жылыжайдағы алғашқы өнім жинай ба стады. Қаңтар айының ортасынан диқаншылықты бастаған шаруалар 1,5 гектар жерге қырыққабат егіп, дайын өнімін саудалап жатыр.

Шымкент қаласы мен Қазығұрт ауданындағы орталық базарларда сатылымға шығарған. Айта кетейік, қазығұрттық шауралар негізінен салмағы 1-1,5 келіден аспайтын қырыққабаттың айсберг, биатрикс сұрыптарын егеді. Ерте пісетін қырыққабатты жинап алған соң, екінші және үшінші өнім алу үшін қияр мен қызанақ сияқты дақылдар егуге кіріспек.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT