Қазығұрт ауданында екі елді мекенге газ берілді

None
None
ҚАЗЫҒҰРТ. ҚазАқпарат – Түркістан облысы, Қазығұрт ауданында екі елді мекенге табиға газ берілді. Тұрбат ауылында өткен салтанатты жиынға аудан әкімі Төлеген Телғараев қатысып, тұрғындардың қуанышына ортақтасып қайтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазығұрт ауданындағы Алтынтөбе, Тұрбат ауылдарының тұрғындары көгілдір отынды көптен бері күткен болатын. Енді жергілікті халық табиғи газдың шарапатына қол жеткізді. Бүгінде аудан көлемінде табиғи газ жүргізілген 47 елді мекеннің 41-інде тұрғындар көгілдір отынды пайдаланып, бұл аудандағы газбен қамтылу деңгейі 64 пайызды құрап отыр. Салтанатты жиынға қатысқан аудан басшысы жиналған жұртшылық алдында құттықтау сөз сөйлеп, өзге елді мекендерге газ жеткізу мәселелері қаралып жатқанын атап өтті.

«Әрбір отбасының берекесі, жылуы – ошағы. Тұтас екі ауылдың ошағында жанған көгілдір отын әрбір отбасына жылылық сыйлап, ертеңгі күнге деген сенімдерін еселей түсері сөзсіз. Қазір еліміз дамудың жаңа кезеңіне қадам басты. Ауылды көркейту, ауыз сумен қамту, көгілдір отын жеткізу, халықтың әл-ауқатын арттыру қазіргі күннің басты міндеттері»,- деді Төлеген Телғараев.

Соңғы жаңалықтар