ҚазҰУ студенттері мен еріктілер жапырақтан Әл-Фарабидің портретін жасады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАпарат - ҚазҰУ студенттері мен Алматы қаласының еріктілері Ұлы ойшыл Әбу Насыр Әл-Фарабидің портретін «бейнеледі», ол үшін «күздік бояулар» – жапырақтар пайдаланылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Еліміздің жетекші университеті әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың стадионында ерекше туынды – Әл-Фарабидің бейнесі пайда болды. Бұл кездейсоқтық емес. Университет әлемде адамзаттың Екінші ұстазы аталатын ұлы философ әрі ғалымның есімімен аталады. Биыл ЮНЕСКО қарамағында Әл-Фарабидің 1150 жылдығы халықаралық деңгейде аталып өтуде. Жастар бұл көркем туындыны мерейтойлық жылға арнады.

ҚазҰУ шығармашылық топқа күрделі көркемдік шараны ұйымдастыруға қолғабыс етті. Идеяны жүзеге асыру үшін таңнан кешке дейін екі күндік дайындық жұмыстары жүргізіліп, Алматы саябақтарынан жиналған бірнеше жүк көлігі толы жапырақтар пайдаланылды.

ҚазҰУ стадионына биіктігі 76 метр және ені 66 метрді құрайтын Әл-Фарабидің орасан зор қолдан жасалған ғажайып портреті салынды.

Ерекше шығармашылық флэш-мобтың қатысушыларының пікірінше, бұл ұлы ойшылдың әлемдегі ең үлкен бейнесі. Ал, оны жасауға Әл-Фарабидің қазақ жерінде дүниеге келуі және ортағасырлық еуропалық Ренессансқа бастау берген ғұламаның бай шығармашылық мұрасы еріктілерге шабыт берді.

Әл-Фарабидің портретін жапырақтармен бейнелеген – жас суретші Джохар Юнусов, белгілі тұлғалардың, тарихи қайраткерлердің бейнелерін әртүрлі материалдардан жасайды. Оған қаланың әр түрлі университеттерінен келген ниеттестер азаматтар көмектеседі. Жақында ғана талантты жас жігіт үлкен автотұрақта Абайдың портретін сумен «бейнелеп», бұл туындысын қазақтың ұлы ақыны мен ағартушысының 175 жылдығына арнады.

Ұшар биіктен Әл-Фарабидің портреті тек өзінің көлемімен таңқалдырып қана қоймай, сонымен бірге ойшылдың көзқарасынан бейне бір өздерінің отандасын жадында сақтап, оның қайырымдылық, бірлік және өзара көмек көрсету туралы баға жетпес идеяларын қолданып келе жатқан өз туған жеріндегі отандастарына деген ризашылықты аңғаруға болады.


Соңғы жаңалықтар