Қазтеміртранс филиалының басшысы жүк вагонын бергені үшін пара алып отырған

Фото: None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қазтеміртранс филиалының директоры сыбайлас жемқорлық бойынша күдікке ілінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қостанай облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Қазтеміртранс» АҚ Қостанай филиалының директоры облыс кәсіпкерлерінен жүк вагондарын кедергісіз және жедел бергені үшін жүйелі негізде пара алғаны үшін әшкереленді.

Күдіктіге қатысты сот «күзетпен ұстау» бұлтартпау шарасын санкциялады.

Күдіктіге қатысты қорытынды шешімді сот қабылдайды.

Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесіндегі өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Айта кету керек, ағымдағы жылдың 19 мамырында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан кәсіпкерлерімен кездесу өткізді.

Осы кездесуде Мемлекет басшысы бизнестің жұмысына заңсыз кедергі жасау мемлекет мүддесіне қарсы бағытталған қылмыс ретінде қаралуға тиіс екенін атап өтіп, басым міндеттердің бірі – бизнеске қысым көрсету факторларын анықтаудың неғұрлым тиімді жүйесін құру екенін айтты.


Соңғы жаңалықтар