ҚазСТА ректоры пара алған 7 оқытушыны жұмыстан шығармақ

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақ спорт және туризм академиясының ректоры жемқорлықпен айналысқан 8 оқытушыны жұмыстан шығармақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Nur Otan» партиясының «Жас-Отан» жастар қанатының өкілдері «Адал сессия» мониторингін қорытындылады.

Бұл мониторинг бойынша сыбайлас жемқорлық ең белең алған университеттердің ішіне Қазақ спорт және туризм академиясы кірген.

Жастардың талдауына қатысты академияның ректоры Қайрат Закирьянов жауап берді.

«Бұл ақпарат біз үшін өте жағымсыз тосынсый болды. Академия шеңберінде шұғыл жиналыс өткіздік. Бізде 3000 жуық студент күндізгі бөлімде оқиды. Олардың арасында мемлекеттік грант алғандар да бар. Мемлекеттік грант иегері болу оңай емес. Әдетте ұлттық құрамаға кіретін жоғары санаттағы спортшылар кіреді. Олардың көпшілігі уақыттарын оқу-жаттығу орындарында өткізеді. Көп жарысқа қатысатын болған соң олардың білімдері сабаққа қатысатын студенттерге қарағанда төмен болуы ғажап емес. Көпшілігі сессияны осылай жабуы да ықтимал. Оқытушы да ала салуы мүмкін. Екеуін де ақтамаймын», - деді ректор.

Оның айтуынша, Академияда сыбайлас жемқорлық факторларын бақылайтын қауіпсіздік қызметі жұмыс істеп тұр.

«Біздің бақылауымызда жүрген кафедра меңгерушілері мен оқытушылар бар. Соңғы шұғыл жиналыста мен ол кісілердің аттарын атадым. Осы 7-8 адаммен еңбек келісімшартын бұзатын боламыз. Олардың ішінде кафедра меңгерушілері мен деканның орынбасарлары бар», - деді Қ.Закирьянов.


Соңғы жаңалықтар