+7 (701) 759 90 19
USD 423.91 EUR 497.37
RUB 5.82 CNY 65.59
Jańalyqtar

Қазпошта жас мамандарға қолдау көрсетеді

2021 жылғы 8 шілде 17:06
Бөлісіңіз:
Қазпошта жас мамандарға қолдау көрсетеді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Қазпошта» АҚ тағылымдамадан сәтті өткен университет түлектерін жұмысқа қабылдап, дарынды жастарды ынталандырады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазпоштаның» баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар

«Самұрық-Қазына» қорының «Жас өркен» бағдарламасына негізделген Zhas Orken Kazpost edition бастамасы 2019 жылдан бері жүзеге асырылып келеді. Жоба білікті кадрларды, оның ішінде дарынды жастарды іздеу процесінің тиімділігін арттыруға бағытталған.

Бағдарлама шеңберінде үміткерлердің бастапқы іріктеуін «Самұрық-Қазына» қоры конкурстық негізде жүзеге асырады. Жоғару оқу орнының түлектері оған электронды өтінім беру және іріктеу кезеңдерінен өту арқылы қатысады. Байқау қорытындысы бойынша 20 финалистің қатарына кірмеген қатысушылар Қазпоштаның Zhas Orken Kazpost edition жобасы аясындағы қосымша мансаптық мүмкіндіктерін пайдалана алады. Ниет білдірген жастарға қосымша конкурстық іріктеу алқалы сұхбат үлгісінде ұйымдастырылады. Одан сәтті өткен үміткерлер жаңа кәсіби дағдыларды меңгеру үшін өздеріне қызықты бағыттар бойынша Қазпоштада тағылымдамадан өтеді. Жоба қатысушылары үшін 4 ротация қарастырылған. Тағылымдама 5 ай ішінде өтеді.

Биыл Мирас Мұхаметқалиев және Мәнсия Сәмәмбет «Қазпошта» АҚ тағылымдамадан өтіп, жұмысқа қабылданды. Қос жас маман қаржы, пошта, IT блоктарында, облыстық және арнайы филиалдарда 4 ротациядан өтіп, компанияның негізгі процестерімен жете танысты. Оның қорытындысы бойынша Мирас корпоративтік оқу орталығына, Мәнсия Сәмәмбет GR және сыртқы байланыстар қызметіне жұмысқа орналасты. Екі маман да Қазпоштаның осы бөлімшелерінде ротациядан өтті.

«Маған Zhas Orken Kazpost Edition бағдарламасына қатысуға жақсы мүмкіндік берілді. Мен ротациядан төрт департаментте өттім: электрондық коммерция департаменті, трансформация және жобалық басқару департаменті, Астана почтамт, пошта қызметтері департаменті. Қазпошта мен үшін пошта бизнесінің жаңа әрі зерттелмеген әлемін ашты. Осы уақыт аралығында мен аталған салада білім алып қана қоймай, жұмысқа қажетті soft skills-ті дамыттым. Бұл - баға жетпес тәжірибе», - деп атап өтті Мәнсия Сәмәмбет.

«Zhas Orken Kazpost Edition бағдарламасы менің барлық үміттерімді ақтап, одан да жоғары нәтижелерге жетуіме септесті! Тағылымдама барысында әртүрлі кәсіби міндеттері бар 4 түрлі департаментте еңбек етіп, жобалық құжаттар мен іскерлік хаттарды дайындау, сауда барысында қолданылатын коммуникациялары, көпшілік алдында сөз сөйлеу сияқты қажетті дағдыларды меңгердім. Ең бастысы, өзгерістерге және бейімделуге дайындық дағдылары бойымда қалыптасты. Мен жоба менеджері, қызмет көрсету сапасын бақылау жөніндегі маман, сату жөніндегі менеджер және компания қызметкерлерін оқыту жөніндегі маман қызметтерін атқардым. Менің ойымша, жастарды қолдауға бағытталған осындай бағдарламалар жас түлектер үшін мансаптық жолды бастауға, білімін тексеруге және жетілдіруге, практикалық дағдыларды игеруге үлкен мүмкіндік береді», - дейді Мирас Мұхаметқалиев.

Ұлттық пошта операторы корпоративтік-әлеуметтік жауапкершілік аясында еліміздің жоғары оқу орындарымен дуалды оқыту бойынша тығыз байланыс орнатылған. Бүгінде Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Ақтөбе, Семей қалаларындағы 6 колледжде «Пошта байланысының операторы» мамандығы бойынша жастарға білім береді. Олар мамандандырылған бағдарламалар бойынша білім алып, Қазпошта бөлімшелерінде өндірістік тәжірибен өтеді. Оқу орындарын тәмамдаған жас мамандарда еңбек жолын «Қазпошта» АҚ бастауға мүмкіндік бар.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT