Қазпошта қазақстандықтарды алаяқтарға алданып қалмауын ескертті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазпошта желіде алаяқтар пайда болғанын ескертті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Желіде алаяқтық жағдайлар пайда болды. Олар келесі схема бойынша жүзеге асырылады: өз тауарларын интернет арқылы сататын сатушыға төлем жасау үшін https://post.kz.obyiva.com сайтына сілтеме жібереді. Осы сілтеме бойынша оларға картаның деректемелерін толтыру және оны іске қосу ұсынылады, деректер расталғаннан кейін ақша сатушының шотынан автоматты түрде алынады.

Ескертеміз! Қазпошта көрсетілген сайтқа қатысы жоқ және біз тауарларды онлайн сату-сатып алу кезінде барлығыңызды мұқият болуды сұраймыз», делінген компанияның Facebook -тегі парақшасында.



Соңғы жаңалықтар