«Қазпошта» басқарма төрағасы қызметінен кетті

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазпошта» АҚ Басқарма төрағасы қызметінен кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат sk.kz сайтына сілтеме жасап.

27 тамызда «Самұрық-Қазына» АҚ Басқармасы «Қазпошта» АҚ Басқарма төрағасы Қанат Алпысбаевтың өз уәкілеттілігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы өтінішін қарап, 2021 жылдың 1 қыркүйегінен бастап «Қазпошта» АҚ Басқарма төрағасының міндетін атқаруды Серік Саудабаевқа жүктеу туралы шешім қабылдады.

Серік Саудабаев 1977 жылы туған. Жоғары экономикалық және жоғары заңгерлік білімі бар. 2010 жылдың маусым айынан бастап осы уақытқа дейін, «Самұрық-Қазына» АҚ-ның «Қазақтелеком» және «Қазпошта» сияқты активтеріне жауапты салалық дирекциясын басқарды. 2010-2014 жылдар аралығында және 2016 жылдан осы уақытқа дейін Серік Саудабаев – «Қазпошта» АҚ директорлар Кеңесінің мүшесі.

Сонымен қатар Серік Саудабаев – «Қазақтелеком» АҚ мен «Kcell» АҚ директорлар Кеңесінде акционер мүддесінің өкілі және «QazCloud» ЖШС Бақылаушылар кеңесінің мүшесі.


Соңғы жаңалықтар