Қазір коронавирусқа қатысты фейк жаңалықтар өте көбейіп кетті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазіргі кезде тұрғындар коронавирусқа қатысты басқа елдерде болған ескі видеоларды бізде болған деп таратуда. Бұл туралы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазір коронавирусқа қатысты фейк жаңалықтар өте көбейіп кетті. Азаматтар өздері де байқамай ескі видеоларды, басқа елдерде болған оқиғаларды бізде болған деп ойлап, таратуда. Әртүрлі жалған аудиожазбалар тарап жатыр. Оған кейбір адамдар сенуде. Бұның барлығы қоғамда үрей туғызады. Сондықтан, тағы да қайталап айтамыз, тек ресми ақпарат көздерін қараңыздар. Сол жердегі мәліметке ғана сеніңіздер», - деді министр «Хабар 24» телеарнасының тікелей эфирінен.

Осы орайда ол қазір барлық полиция департаменттерінде осындай жалған ақпараттарды және оны жариялаған адамдарды анықтайтын арнайы жұмыс топтары бар екенін еске салды.

«Бүгінде елімізде осындай дерек бойынша 41 іс қозғалып, тергеу жүргізілуде. Барлық кінәлі адамдар заңға сәйкес жазаланады», - деді Дәурен Абаев.


Соңғы жаңалықтар