Қажылықты өтеу барысында зардап шеккендер арасында Қазақстан азаматтары жоқ

None
None
АСТАНА. Қарашаның 28-і. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Сауд Арабстанында мұсылманның бес парызының бірі қажылықты өтеу барысында зардап шеккендер арасында Қазақстан азаматтары жоқ.

Бұл туралы бүгін Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Ілияс Омаров баспасөз мәслихатында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Біздің елшіліктің берген ақпараты бойынша зардап шеккендер арасында Қазақстан азаматтары жоқ», деді ол.

Айта кетейік, қарашаның 26-сында нөсер жауынның салдарынан Меккеге барар жолдағы екі көпір қирап, кейбір көшелерде сел жүрген еді. Осындай оқыс оқиғалардың салдарынан 48 адам қаза тапқан болатын.

Ағымдағы жылы қажылық парызын өтеу үшін қасиетті Мекке жеріне 3 миллионннан астам адам табан тіреген. Ал, Қазақстаннан сапар шеккендер саны биыл 2 мыңнан асады.

Соңғы жаңалықтар