+7 (701) 759 90 19
USD 448.52 EUR 490.32
RUB 5.69 CNY 63.23
Jańalyqtar

Қажет болса коронавирустан емделетін қосымша стационар жасақталады – Сәуле Қисықова

2020 жылғы 26 наурыз 19:54
Бөлісіңіз:
Қажет болса коронавирустан емделетін қосымша стационар жасақталады – Сәуле Қисықова

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық денсаулық сақтау бағдарламасы коронавирус инфекциясын жұқтырғандар көбейген жағдайда аураханаларда қосымша төсек-орын әзірлейді. Бұл туралы басқарма басшысы Сәуле Қисықова айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Шымкентте коронавируспен тіркелгендер жайлы соңғы ақпарат жарияланды БҚО-да карантин режімін бұзған тұрғын қамауға алынды Елімізде 21 адам коронавирус жұқтырды: Жалпы 423 адам індетке шалдыққан

«Жаяу жүргінші жолдары, аялдамалар, базарлар – барлық жерде дезинфекциялық режим күшейтіліп, қолға жағатын сұйықтықтар қойылуда. Қаламызда дезинфекциялық құралдар жеткілікті көлемде бар», - деді басқарма басшысы «Хабар 24» телеарнасында өткен брифингте.

Оның айтуынша, барлық медициналық нысандарда карантин жарияланып, азаматтарға медициналық маска тағу міндеттелген.

«Коронавирус инфекциясын жұқтырған немесе ЖРВИ, өкпе қабыну белгілерімен түскен науқастарға медициналық көмек көрсету үшін жеткілікті көлемде төсек-орын жабдықталды. Қажет болған жағдайда, қосымша төсек-орын бөліп, стационарлар ұйымдастыруға дайынбыз», - деді С. Қисықова.

Сонымен бірге, спикер коронавирустық инфекция анықталған жағдайда жүргізілетін шаралар туралы айтып берді.

«Науқас пен оның отбасы, бір аумақта тұрғандар және жұмыс бабымен жақын байланысқан адамдар бірден оқшауланып, ауруханаға жатқызылады», - деді Сәуле Қисықова.

Айта кетейік, Қазақстан Республикасы аумағында коронавирус инфекциясын жұқтырған жалпы 109 науқас тіркелді.

Нұр-Сұлтан қаласында 61 адамда короновирус инфекциясы анықталды. Алматы қаласында - 40 адам, Шымкент қаласында – 2 адам, Қарағанды қаласында - 2, Алматы, Ақтөбе, Жамбыл, Солтүстік Қазақстан облыстарында – 1 адамнан тіркелген.

Бұған дейін басқарма басшысы Нұр-Сұлтанда төрт науқастың жағдайы ауыр екенін мәлімдеген болатын.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT